22 ақпан 2021 16:17

Астанада үйді тонаған ер адам ақша санап жатқан жерінде видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қостанай облысының 31 жастағы тұрғыны елордалық әйелдің үйін тонап кетті. Ол зергерлік бұйымдарды және миллион теңгеге жуық ақшаны ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.


Қостанай облысының 31 жастағы тұрғыны елордалық әйелдің үйін тонап кетті. Ол зергерлік бұйымдарды және миллион теңгеге жуық ақшаны ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Елорда тұрғыны полиция бөлімшесіне үйіне ұры түскенін айтып арыз жазған. Полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласына уақытша жұмысқа келген 31 жастағы Қостанай облысы тұрғынын анықтады. Оның кешкі уақытта Күлтегін көшесіндегі үйге құлыпты бұзып кіргенін хабарлады.

"Ол үйден миллион теңгеге жуық қаражат пен зергерлік бұйымдарды алып кеткен. Қаскүнем ұрланған заттарды алып, есікке бет алғанда үйдің иесі келіп қалған. Ер адам егде жастағы әйелді күшпен итеріп жіберіп, өзі қашып кеткен.

Күдікті ұрланған олжасын санап жатқан сәт автобустың бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Іздеу барысында күдікті жасырынған қонақүй анықталды. Бірақ тексеру кезінде оның басқа қалаға кетіп, жасырынып үлгергені анықталды", - делінген хабарламада.

Бір тәуліктен кейін күдікті Қарағандыда ұсталып, Нұр-Сұлтанға жеткізілді. Онда ұсталған ер адамның бұрын сотталғаны анықталды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ұсталған ер адамның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы барын тексеріп жатыр.

Полиция тұрғындарға сақтық шараларын сақтауды ескертті. Қала тұрғындарынан сапалы есік құлыптарын орнатуды және жеке үйлерде қақпаны ашық қалдырмауды сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети