09 қараша 2015 10:37

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астана қаласы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы Жамалиевті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астана қаласы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы Жамалиевті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Жамалиев басқаратын қылмыстық топ 2013 жылы "Кега Шоу Бар" және "Кега Мюзик Бар" түнгі клубтарының аумағында атыс ұйымдастырған. Атыс салдарынан екі адам жарақаттанып, тағы бір адам есін жимастан ауруханада қайтыс болды.

Астана ІІД атысқа қатысқандардың барлығы - қылмыстық топтың мүшелері анықталып, полиция қызметкерлерінің оларды ұстағанын хабарлады. Кейін олар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, ұзақ уақытқа бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

"Қылмыстық топтың белсендісі Жамалиев соттың үкімімен Астана қаласы психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығына (ПДПМО) қамалып, жазадан құтылып кетті", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Жамалиев 20 қазанда көңіл көтеру орталықтарының жанында бұзақылық әрекеттерін ұйымдастырғаны үшін 6 қарашада Республика даңғылындағы үй ауласының біріндегі автокөлік салонында қайтадан қолға түсті.

Осы дерек ҚР ҚК 293-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің біріңғай реестріне тіркеуіне алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақпараттарға сенсек, қоғамға қауіпті диагнозбен жабық түрдегі стационарда емдеуде болған Жамалиев қатаң тыйым салынғанына қарамастан емдеу орнынан үнемі шығып жүрген.

"Жамалиев қылмыстық топқа жетекшілік етуін жалғастырған. Қазіргі уақытта ПДПМО медицина қызметкерлерін жауапкершілікке тарту сұрақтары шешіліп жатыр", - деп жазылған Астана ІІД баспасөз хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети