Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Атырау облысында ер адам жеті баланың анасын пышақтап кетті 26 қараша 2021, 16:39

Атырау облысында ер адам жеті баланың анасын өлтіріп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Атырау облысында ер адам жеті баланың анасын өлтіріп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 26 қарашаға қараған түні Жылыой ауданының Құлсары қаласында болған. 35 жастағы әйел бірнеше жерінен пышақталған, соның салдарынан жәбірленуші жедел жәрдем келгенге дейін сол жерде жан тапсырған. Адам өлтіру себептері анықталып жатыр. Марқұмның артында жеті баласы мен күйеуі қалды.

Адам өлтірген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол Жылыой ауданының 25 жастағы тумасы болып шықты.

Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі толық ақпаратты кейін беретінін хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін Жаркентте 21 жастағы жігіт компьютерді сындырғаны үшін інісін балтамен ұрып өлтіргені хабарланған болатын. Полицияға кісі өлтірген күдіктінің өзі берілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram