26 сәуір 2022 09:53

Атырау облысында пара алған ауыл әкіміне 32 миллион теңге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотында пара алды және қызметтік жалғандық жасады баптарымен айыпталған ауыл әкіміне, сондай-ақ пара берді және жалған құжат жасады деп айыпталған оның сыбайласына қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой Городқа" сілтеме жасап.


Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотында пара алды және қызметтік жалғандық жасады баптарымен айыпталған ауыл әкіміне, сондай-ақ пара берді және жалған құжат жасады деп айыпталған оның сыбайласына қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой Городқа" сілтеме жасап.

Сот ауылдық округ әкімі қызметін атқаратын шенеунік әкім аппаратына тиесілі ғимаратты сатуға жәрдемдескені және ЖШС директоры жалған мәліметтер енгізген ресми құжаттарды тіркеуші органға бергені үшін ЖШС директорынан 800 мың теңге сомасында пара алғанын анықтады.

"Сотталушылар кінәсін мойындап, жедел іздестіру іс-шараларының және тергеу әрекеттерінің нәтижелері, бейнефонографиялық сараптама қорытындысы, мемлекеттік аудитордың қорытындысы, банк құжаттары арқылы дәлелденді", - деді Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Сот үкім шығару кезінде экс-әкім мүгедек бала асырап отырғанын, ал екінші айыпталушының ата-анасы қарт екенін ескерген. Екі айыпталушы да өз кінәсын толық мойындады.

Сот үкімімен бұрынғы шенеунікке 32 миллион теңге, оның сыбайласына 16 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Сотталғандардың екеуі де өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ және сотталушылар шағымдануына болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети