Атырау облысында тұрғын Facebook-тегі жазба үшін сотқа жүгінді 05 ақпан 2023, 17:59

Facebook қолданушыларының бірі парақшасында Атырау облысы тұрғынына қатысты жалған ақпарат таратқан жазба жариялаған. Бұл іс сотқа жеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" сайтына сілтеме жасап.
Бұл іс Қызылқоға аудандық сотында қаралған. Facebook қолданушысы парақшасында қызды көпшілік алдында құрметтемеген, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлаған, сондай-ақ, жалған ақпарат таратқан хабарлама жариялағаны анықталған.
Жазба авторына ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабы бойынша айып тағылған. Алайда тараптар сот залынан тыс келіссөз жүргізіп, татуласуға келіскен.
Сот қаулысымен қылмыстық іс тоқтатылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!