18 мамыр 2020 10:37

Атырау облысындағы атыс: күдіктілердің бірі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысындағы атысқа қатысы бар деген күдіктілердің бірі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырау облысындағы атысқа қатысы бар деген күдіктілердің бірі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"15 мамырда Атырау облысы Мақат ауылында атыс болып, 1985 жылғы жергілікті тұрғын қаза тапты. Полиция қызметкерлері екі күдіктіні анықтады. Олардың бірі ұсталып, қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйуес, сотқа дейінгі тергеу мәліметтерін жариялауға болмайды", - делінген өңірлік полицейлердің хабарламасында.

Еске салайық, кеше Атырау облысында атыс болып, бір адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Ресми емес мәліметке сәйкес, жергілікті тұрғындар арасында жанжал туындап, жаппай төбелес болған. Оның соңы атысқа ұласыпты. Төбелес барысында аңшылық қаруы қолданылған. 35 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тапқан. 29 жастағы тұрғын жараланған. Ол аудандық ауруханаға жатқызылған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети