29 қаңтар 2020 10:10

Атырау облысының бас салықшысы ұсталған сәт видеоға түсірілген

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы сыбайлас жемқорлыққа жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап. 


Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы сыбайлас жемқорлыққа жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік тағылған Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді басталды.

"Ол жүйелі түрде пара алды деп күдікке ілініп отыр, бірінші жағдайда - өзіне бағынышты тұлғадан оны қызметте көтермелеу және жалпы қамқоршылығы үшін талап етілетін 10 мың АҚШ долларынан 3 мың АҚШ долларын, екінші жағдайда - жеке кәсіпкерден оның кәсібін салықтық тексеріссіз жабуға жәрдемдескені үшін 490 мың теңге пара алған", - делінген хабарламада. 

Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Оның кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети