Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Атырау тұрғыны жеті жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді 01 ақпан 2023, 09:02

Атырауда тұрғын жеті жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Дина Таңсәрі Instagram-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Атырауда тұрғын жеті жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Дина Таңсәрі Instagram-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Atpress.kz басылымына сілтеме жасап.

"Атырауда ауыр қылмыс болды. Әйелдің қайнағасы жеті жасар балаға сексуалды зорлық жасаған. Ұл әйелдің бірінші некесінен. Анық-қанығы жағаұстатарлық, бізге баланың көкесінің оған не істегенін көрсететін видеосын жіберді. Әйелді күйеуінің барлық туысы, күйеуінің өзі ұрып-соққан, тіпті жүкті болса да, кесір тілігі отасынан кейін де. Әйел психологиялық тұрғыдан қатты шаршаған әрі адвокаттың, психологтың көмегіне, материалдық қолдауға мұқтаж. Күдікті қамауға алынған жоқ!" - деп жазды Таңсәрі.

Ол бұл істі Балалардың құқығын қорғау комитетінен, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясынан және ҚР Бас прокуратурасынан бақылауға алуды сұрады.

Атырау облысының Полиция департаменті бұл дерек бойынша тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram