26 тамыз 2017 11:24

Атырауда "Халифат сарбаздары" террористік тобын құрған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты биыл Ауғанстанда ұсталып, кейіннен Қазақстанға жіберілген 28 жастағы Дамир Зналиевке қатысты үкім шығарды. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымы жазып отыр.


Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты биыл Ауғанстанда ұсталып, кейіннен Қазақстанға жіберілген 28 жастағы Дамир Зналиевке қатысты үкім шығарды. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымы жазып отыр.

Қылмыстық іс жабық тәртіпте қаралды. Дамир Зналиев сот отырысына қатысты.

Сотта 2011 жылдың шілде айында Дамир Зналиев Қазақстанның екі азаматы және Бельгия азаматымен біріге отырып, Пәкістан аумағында "Халифат сарбаздары" халықаралық террористік ұйымын құрған. Ұйымның құрамында Қазақстан, Тәжікстан және басқа да араб елдері болған.

2011 жылдың 12 қыркүйек-2 қазан аралығында Дамир Зналиев Алматыдағы Қазақстанның  Сыртқы істер министрлігі ғимаратының аумағында және Алматы қалалық ІІД әкімшілік ғимаратында жарылыс ұйымдастырмақшы болған. Ал 28-30 қазан аралығында ол Атырауда облыс әкімдігі мен прокуратура ғимараты маңында жарылыс ұйымдастырған.

Сот барысында айыпталушының кінәсі толықтай мойындалды. Ол өз кінәсін мойындады. Дамир Зналиев бірнеше бап бойынша айыпты деп танылды. Осылайша, сотттың үкімімен Зналиев 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети