05 қазан 2020 10:10

Атырауда жасырын жұмыс істеген казино әшкере болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Атырауда жасырын жұмыс істеген казино әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырауда жасырын жұмыс істеген казино әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

26 қыркүйекте ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті "Бүркіт" арнайы жасағы жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде "Бомонд" кафесінің VIP залында орналасқан жасырын казино қызметінің жолын кесті.

Ұйымдастырушылар өз мақсаттары үшін ойыншыларды тарту арқылы пандемия кезінде карантин режимін бұзып, казино түрінде заңсыз ойын бизнесін жасырын жүзеге асырған.

"Оқиға орнын тексеру барысында арнайы кенеп, ойын карталары, "Техас Холдем" покер ойынына арналған чиптер, чиптерге арналған стендтер және т. б. қылмыс құралдары табылып, тәркіленді Ойын фишкалары жасырын казино ұйымдастырушыларына тиесілі "Каспий Голд" карточкаларына ақша аудару арқылы сатып алынған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы 1-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети