01 қыркүйек 2022 08:36

Атырауда қаңтар оқиғасына қатысқандардың соты басталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәрсенбі, 31 тамызда Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Атыраудағы қаңтар оқиғасына қатысушыларға қатысты сот отырысы басталды. Айыпталушы орындығында 27 адам отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.


Сәрсенбі, 31 тамызда Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Атыраудағы қаңтар оқиғасына қатысушыларға қатысты сот отырысы басталды. Айыпталушы орындығында 27 адам отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Бес айыпталушы тергеу изоляторынан әкелінді, қалғандары үйқамаққа алынғандар немесе ешқайда кетпеу туралы қолхат жазғандар. Айыптаушы тараптың мүддесін прокурор Нұрболат Әбілов қорғап отыр, бақылаушы ретінде Адам құқықтары жөніндегі бюроның Атырау филиалының директоры Дарья Ұлжағалиева қатысуда.

Сотталушылар Қылмыстық кодекстің көп бабымен айыпталған: 272-бабының 2-бөлігі (Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу), 380-бап (Билік өкіліне күш қолдану), 380-1-бап (Құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қолсұғушылық), 291-бап (Қару ұрлығы).

Іс бойынша 110 жәбірленуші (олардың бәрі полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер) және 100-ге жуық куәгер бар. Сотталушылардың бәрін адвокаттар қорғайды, кейбірінде екі қорғаушы.

Қоғамдық қорғаушылар ретінде сотталушылардың туыстары - аналары, әжелері, әйелдері қатысып отыр. 

"Мен 11 бала өсірдім, бірақ мұндай сұмдықты көремін деп ешқашан ойламаппын. Қыс бойы тергеу изоляторына тамақ тасыдым, енді ауырып жүрмін", - дейді егде жастағы әйел.

Тағы бір әйел атышулы "Динамо" спорт залында болғаннан кейін ұлының жарақат алып, психологиялық күйзеліске ұшырағанын және үйде әлі ауырып жатқанын айтты:

"Ол әлі жас қой. Ал полицейлер баламды психикалық және физикалық тұрғыдан "сындырып" тастады. Өзіміздің кішкентай Атырауда осындай! Балам өзін азаптаған полиция қызметкерін таныды, бірақ ақыры іс қозғалмады".

Сот процесі жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети