02 шілде 2016 11:27

Атырауда Land Cruiser жүргізушісі үш адамды қасақана қағып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Avtoserver.ru © Avtoserver.ru

Атырауда мас ер адам үш адамды қасақана қағып, оқиға орнынан із жасырған, - деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы өз дереккөзіне сілтеме жасап. 


Атырауда мас ер адам үш адамды қасақана қағып, оқиға орнынан із жасырған, - деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы өз дереккөзіне сілтеме жасап. 

Басылымның мәліметінше, оқиға 30 маусымға қараған түні Первый участок ауданындағы көшелердің бірінде болған. Зардап шеккендердің арасында жергілікті бұрынғы депутат, "УС-99" ірі құрылыс компаниясының бас директоры Аркадий Ким бар болып шықты. Сонымен қатар, оның әйелі мен 22 жастағы көршісі зардап шекті. Кейін полиция қызметкерлері ереже бұзған адамды оның үйінің маңынан ұстады.

Басылым дереккөзге сілтеме жасай отырып, Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісінің 32 жастағы ер адам екенін хабарлап отыр. Ол бір "дөкейдің баласы" көрінеді. 

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер адам қағу дерегін растады, алайда оқиғаның басқа мән-жайын хабарлады. Олардың нұсқасы бойынша, Атыраудың 32 жастағы тұрғынына біреу қарыз болып қалған. "Кредитор өзінің 37 жастағы танысымен қарыз адамның үйіне келген. Қарыз алған адамның өзі үйінде болмай шыққан, қонақтарды оның әйелі қарсы алған. 32 жастағы ер адам мен әйелдің арасында жанжал шыққан. Осы кезде әйелдің 22 жастағы баласы келіп қалып, анасын қорғап, қарызын талап етіп келген ер адамды ұрып-соққан", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.

Оның айтуынша, шу шығып жатқан үйге 57 жастағы ер адам мен оның әйелі, яғни көршілері кіріп келген. Олар жанжалдасып жатқандарды ажырата бастаған. Осыдан кейін "қонақтар" үйден кетпек болып, алайда аулада жанжал қайта өршіп, 32 жастағы жүргізуші (Land Cruiser жүргізушісі) 57 жастағы ер адамды, оның әйелін және 22 жастағы жігітті қағып кеткен.

Аркадий Кимнің әйеліне ауруханада ем жасалып, ол үйіне қайтарылыпты, ал күйеуі әзірше ауруханада. Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта Land Cruiser жүргізушісі екі ер адам (57 жастағы ер адам мен 22 жастағы жігіт) ұрып-соқты деп арыз жазған. Басылымның мәліметінше, бұл іске байланысты "бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети