Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Атырауда өз-өзін полицейлердің көзінше ұрып-соққан ер адам үш жылға сотталуы мүмкін

03 Наурыз 2016, 11:56
0

Атырауда полицейлердің көзінше ұрып-соққан ер адам үш жылға сотталуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Еске салайық, 24 ақпанда шамамен 22.00-де Атырау - Индер автожолында, Жұлдыз ықшамауданына таяу жерде (қаланың кіреберісі) Атырау облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік ротасының қызметкерлері тексеріс жүргізу үшін Lada Largus автомашинасын тоқтатады, оны Қостанайдың 1980 жылғы тұрғыны жүргізіп келе жатқан. Қарау кезінде автомашинада аса ірі көлемде балық табылған. Кейін сараптамадан балықтардың жалпы салмағы 210 келі болғаны анықталды. Балықты тасымалдау туралы құжат болмаған. 

Көлік жүргізушісі жауапкершіліктен қашпақшы болған, таныстарына хабарласып, телефонын жол-патрульдік полициясының қызметкерлеріне беруге тырысқан. Алайда полицейлер телефонды алмаған. Осы кезде ер адам өз-өзіне соққы жасап, кейін "102" номеріне хабарласып, полицейлерді ұрды деп айыптаған. Бірақ ер адам бұл оқиғаның видео тіркеу құрылғысына жазылып қалғанын ескермеген.

ІІД баспасөз қызметінің өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты "Қызметтік өкілін теріс пайдалану" бабы бойынша сотқа дейінгі іс тоқтатылды. Өз-өзін ұрып-соққан жүргізушіге қатысты "Көрiнеу жалған сөз жеткiзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің жүріп жатқаны да хабарланып отыр.

Айта кетейік, бұл бапта үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалауды қарастырылған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай