25 мамыр 2016 09:39

Атырауда полицейлер гастарбайтерлерді тонаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Атырау қалалық Ішкі істер басқармасының екі полицейіне гастербайтерлерді бопсалағаны үшін жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Атырау қалалық Ішкі істер басқармасының екі полицейіне гастербайтерлерді бопсалағаны үшін жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, олар 2015 жылдың шілде айынан бастап Атырау қаласында жүрген өзбекстандық азаматтарды ұстап, өздерін көші-қон полициясы қызметкерлері ретінде таныстырып, оларды қорқытып ақшалары мен ұялы телефондарын ашық тонаған. Сонымен қатар, олардың бірнеше рет Өзбекстан республикасының 5 азаматын заңсыз ұстап, олардан 800 мың теңгеден аса қаражатты жымқырғаны анықталды.

Сот үкімі бойынша, олар ҚР Қылмыстық Кодексінің "Қарақшылық" және "Алаяқтық" баптары бойынша кінәлі деп танылып, құқық қорғау органдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети