31 наурыз 2014 14:10

Атырауда сарбаз WhatsApp-пен шағым түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Атырауда сарбаздың WhatsApp-пен жіберген шағымы әскери сотқа дейін жетті деп хабарлайды "Мой город".


Атырауда сарбаздың WhatsApp-пен жіберген шағымы әскери сотқа дейін жетті деп хабарлайды "Мой город".

Батыс аймағының әскери прокуратурасының сенім телефонына аноним хабарлама келіп түскен. Онда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне қарасты №2016 әскери бөлімнің "Пешной" техникалық бақылау пункті бастығының қарамағындағыларды ұрып-соғатыны айтылған. Әскери прокуратура осы хабардың негізінде тексеріс жүргізген. 

Прокурорлар бастық тарапынан сарбаздарға күш көрсетілетініне көз жеткізді, "Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір бұл істі тергеу аяқталып, Ақтөбе гарнизонының әскери сотына жіберілді. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети