29 шілде 2021 16:18

Атырауда тапа-тал түсте зейнеткерді тонаған күдікті видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда зейнеткерді тонаған ер адам видеоға түсіп қалған. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 71 жастағы зейнеткер кеше, 28 шілдеде сағат 12:00 шамасында тоналған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Белгісіз ер адам зейнеткерді жерге құлатып, телефонын тартып алған. Сөйтіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні ұстады. Күдікті Атырау қаласының 29 жастағы тұрғыны болып шықты", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір зейнеткерді тонаған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті айғақ заты тәркіленіп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети