18 ақпан 2014 13:48

Ауыл шаруашылығы министрлігі шенеунігіне қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Tengrinews.kz сайтынан алынды Сурет Tengrinews.kz сайтынан алынды

Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы департаментінің директоры Мақсұт Бақтыбаевқа қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Хабарламада "6 ақпанда Астана қалалық Қаржы полициясы департаменті ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы департаментінің директоры М. Бақтыбаевқа қатысты заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оған қызмет бабын пайдаланып, ведомствоға қарасты - "Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-инновациялық орталығы" ЖШС-на пайда келтіру мақсатында басқа ЖШС-ның заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасап, оған 19,5 миллион теңгеге залал келтірді", - деген күдікпен айып тағылды" - деп айтылған. Еске сала кетейік, Бақтыбаев 2013 жылдың 28 желтоқсанында 720 мың теңге пара алып жатқан жерінен қолға түскен болатын. Ол оны "Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-инновациялық орталығы" ЖШС бас директорынан мемлекеттік сатып алу келісіміне көмектесу үшін алған. Бұған дейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өміраев та кәсіпкерден мемлекеттік тендерді ұтып алуына көмектесу үшін 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікпен қамалған болатын. Оның да үстінен "аса ірі көлемде пара алды" деген баппен қылмыстық іс қозғалған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети