Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің экс-орынбасары 4 жылға сотталды 09 маусым 2014, 18:02

Бұдан бұрын мәлім болғандай Арман Құмашев 2013 жылдың тамыз айында ұсталған болатын. Оның үстінен мемлекеттік бюджет қаржысын жымқырды деген баппен іс қозғалған.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Арман Құмашев. ©finpol.kz Арман Құмашев. ©finpol.kz

Астанада "Алматы" аудандық соты Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының экс-орынбасары  Арман Құмашевті төрт жылға бас бостандығынан айырды, -  деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне  "сот Құмашевті 307-баптың 4-бөлімі бойынша (қызмет өкілеттілігін асыра пайдаланды) айыпты деп санап, төрт жылға бас бостандығынан айырды және мемлекеттік қызметпен айналысуына бес жылға дейін тыйым салды" - деп хабарланған.  

Бұдан бұрын мәлім болғандай  Арман Құмашев 2013 жылдың тамыз айында ұсталған болатын. Оның үстінен мемлекеттік бюджет қаржысын жымқырды деген баппен іс қозғалды.

Ол Қ.Сәтбаев атындағы каналға қажетті гидрокүштік құралдың бағасын көтермелеп 1,2 миллиард теңгені қолды етпек  болған.
Бұған қоса ол 6,6 миллиард бюджет қаржысын да жымқырмақ болған. 


Join Telegram