30 қараша 2022 11:30

"Әйел болып танысқан". Қарағандыда алаяқ ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Ер адам әйел ретіне танысып, қарағандылықты 350 000 теңгеге алдап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Ер адам әйел ретіне танысып, қарағандылықты 350 000 теңгеге алдап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды ​​қаласы ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 33 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Ер адам оны бір әйел алдап, 350 мың теңгесін иемденіп алғанын айтқан.

Жәбірленуші Желіде романтикалық кеш өткізуге уәде берген әйелмен танысқаны белгілі болды. Бірақ ол үшін ер адам есепшотқа белгілі бір соманы аударуы керек болған.

Белгісіз әйел киім сатып алып, өзін ретке келтіруі керек екенін және ол үшін ақша қажет екенін айтады. Кездесуді күтіп, ер адам әйелге 350 мың теңге жіберген. Сол уақыттан кейін әйел байланысын тоқтатқан. Алаяқтық құрбаны болғанын түсінген ер адам полицияға жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері жәбірленушімен хат жазысып жүрген адамды ұстады. Ол 28 жастағы жігіт болып шықты. Ол жәбірленушіні алдап, әйел ретінде танысқанын мойындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети