Бағалы тон үшін бауырын өлтірген қыз тұтқындалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сот залы. ©Айсұлу Бұштаева Сот залы. ©Айсұлу Бұштаева

Қарағанды қаласының Қазыбекби аудандық №1 соты 11 жастағы немере інісін өлтірді деген кінә тағылған 20 жастағы қызды тұтқындауға екі ай мерзімге санкция берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, қыз ауыр қылмысқа бағалы тонға бола барған болатын. Бауырын өлтіргеннен кейін ол баланың денесін дәретхананың шұңқырына салған. Кейін полицейлермен, еріктілермен бірге баланы іздеуге қатысты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды қаласының Қазыбекби аудандық №1 соты 11 жастағы немере інісін өлтірді деген кінә тағылған 20 жастағы қызды тұтқындауға екі ай мерзімге санкция берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, қыз ауыр қылмысқа бағалы тонға бола барған болатын. Бауырын өлтіргеннен кейін ол баланың денесін дәретхананың шұңқырына салған. Кейін полицейлермен, еріктілермен бірге баланы іздеуге қатысты.

Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің тергеушісі сотта бұл қылмысқа "балаға асқан қатігездікпен, есеппен, қасақана жасалған" деген сипаттама берді. Полицияның ұстанымын прокуратура қолдады. Қадағалау ведомствосы өкілінің айтуынша, 11 жастағы баланың өліміне себеп болған қаракүзен тонды айыпталушы ломбардқа 60 мың теңгеге өткізген. 

Еске сала кетейік, 5-сынып оқушысы Леон Серікбаев 25 қыркүйек күні өлтірілген болатын. Полиция күдіктіні бірден тапты. Ол өз кінәсін бірден мойындап, полицияға оқиғаның жай-жапсарын әңгімелеп берді. Оның сөзіне қарағанда, сол күні қыз тәтесінің үйіне келеді. Пәтерде 11 жастағы ұл болған, ол қызды кіргізіп, бөлмесіне барып сабаққа киіне бастайды. Кейін бала анасының тонын ұрлап жатқан әпкесін көріп қояды. Леон киімді орнына қоюды талап етеді. Қыз немере інісін алдарқатып, сабасына түсіреді де, өзі тұрып жатқан туысқанының үйіне алып келеді. Сол жерде баланы айуандықпен өлтіреді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer