31 қазан 2018 11:09

Балқашта депо бөлімінің басшысы мен оның жұбайы өлі табылды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Балқаш 1" темір жол станциясы © wikimapia.org "Балқаш 1" темір жол станциясы © wikimapia.org

29 қазанда Балқаш теміржол станциясындағы үйлердің бірінде 34 жастағы әйел мен 45 жастағы ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды "Новый вестник"


29 қазанда Балқаш теміржол станциясындағы үйлердің бірінде 34 жастағы әйел мен 45 жастағы ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды "Новый вестник"

"Екі және одан да көп адамды өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесіде күдікті анықталды. Қазір тергеу жүріп жатыр. 

Оркен-Media телеарнасының мәліметінше, қаза тапқандар ерлі-зайыпты болған. Олардың денесі табылғанда, мойындары тілінгені анықталған. Олар төрт баланы асырап отырған. 

"Бұл дерек соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптама тағайындалды", - деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Жанатай Сембеков.

Сонымен қатар, Instagram әлеуметтік желісіндегі go_balkhash парақшасында аса ауыр қылмыс жасаған күдіктіге бағыттама жарияланған. Құжатта қаза болған ер адам депо басшысы екені көрсетілген. Сондай-ақ, оның және жұбайының аты-жөні жазылған. Олар К.М.Хамзин және А.С.Хамзина.

"Қазақстан темір жолдың" ресми өкілі Руслан Иманқұлов Tengrinews.kz тілшісіне қаза тапқан ер адам компания қызметкері екенін растады. "Ол локомотив депосының басшысының орынбасары болған", - деді Иманқұлов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети