1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Банк дефолты жайлы жалған хабарлама таратқандарды полиция анықтады 01 қазан 2018, 12:21

Астана қалалық ІІД өкілдері Алматы, Шымкент және Алматы облысының үш тұрғынының екінші денгейлі банктердің бірінің дефолты жайлы жалған хабарлама
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Астана қалалық ІІД өкілдері Алматы, Шымкент және Алматы облысының үш тұрғынының екінші денгейлі банктердің бірінің дефолты жайлы жалған хабарлама таратқанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

Сәдубаевтың айтуынша, банктердің банкротқа ұшырағаны жайлы хабарламалар көлік иелері мен балабақша тәрбиеленушілерінің ата-аналарының чаттарында таралған.

"Жауапкершіліктің бар екенін түсінбей, ұялы телефонмен жалған хабарламалар таратқандар қылмыстық істегі күдіктілер ретінде саналады", - дейді ІІМ өкілдері.

Жыл басынан бері ішкі істер органдарының өкілдері осындай 46 деректі тіркеген. Бұл үшін хабарлама таратушыға айыппұл салынады немесе ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені айтылады.



Join Telegram