Bek Air әуекомпаниясының қызметі тоқтатылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Алматы маңында Fokker 100 әуе кемесінің апатқа ұшырауына байланысты қазақстандық Bek Air әуекомпаниясының қызметі оқиғаның мән-жайы анықталғанға дейін тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы маңында Fokker 100 әуе кемесінің апатқа ұшырауына байланысты қазақстандық Bek Air әуекомпаниясының қызметі оқиғаның мән-жайы анықталғанға дейін тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификаты 2019 жылы мамырда берілді. Борттың шығарылған мерзімі - 1996 жылдың сәуір айы. Қазақстандық тізілімге 2016 жылғы 26 тамызда тіркелді (куәлік нөмірі 940). Bek air әуекомпаниясында 9 ұшақ тіркелген. Оқиғаның анық-қанығы жағдайлары мен себептері анықталады. Қазіргі уақытта пайдаланушы сертификатын және Bek air авиакомпаниясының ұшу жарамдылығын Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тоқтатты", - делінген хабарламада.

Бүгін сағат 07:22-де Bek Air әуе компаниясының № Z2100 Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсі ұшу кезінде биіктікті жоғалтып, бетон қоршауға соғылған. Нәтижесінде екі қабатты ғимаратпен соқтығысқан. Бірден құтқару жұмыстары басталды, өрт шыққан жоқ. 

Қаза тапқандардың саны - 15. Премьер-министрдің тапсырмасымен Үкімет комиссиясы құрылды, оны вице-премьер басқарады. Комиссия құрамына индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі және басқа мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Комиссия оқиға орнына барады. Оқиғаның нақты мән-жайы мен себептері анықталады. Апат жағдайлары анықталғанға дейін осы типтегі әуе рейстері уақытша тоқтатылады. 

Еске салайық, бүгін таңда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әуе апаты салдарынан 7 адам қаза тапқанын мәлімдеген. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастады. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған.  Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын. 

ИИДМ мәліметінше, ұшақ көтерілу кезінде биіктік жоғалтып, бетон қоршауға соқтығысқан. Екі қабатты ғимаратқа соқтығысқан. Дереу құтқару шаралары басталып, өрттің алдын алды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 504.72  course up  546.79  course up  5.9  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer