16 шілде 2018 14:53

"Беті ісіп, миы шайқалған". Кондуктор алматылық әйелді ұрып-соқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Алматылық әйел ішкі істер министрінің блогына хат қалдырды. Хатында оны автобус кондукторының ұрып-соққаны айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылық әйел ішкі істер министрінің блогына хат қалдырды. Хатында оны автобус кондукторының ұрып-соққаны айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айтуынша, 28 маусымда оны № 16 бағыттағы автобус кондукторы ұрып-соққан. Әйел Медеу аудандық ІІБ-не арыз қалдырды.

"Қазір бетім ісіп кеткен, сол көзім жырылып кеткен, көзімнің айналасында ісік тола, бас-ми жарақатын алдым. Психологиялық тұрғыдан да жағдайым нашар. Кейде сол қолым жұмыс істемей, ұйып қалады. Иегімді әрең дегенде ашамын. Еңбекке жарамсыз деген парақты алып, үйде жатырмын, жалақым да сондықтан азайды. Әлі алда ұзақ уақыт ем алу керек, көп ақша қажет", - деп жазды алматылық әйел Қалмұханбет Қасымовтың блогында.

Зардап шеккен әйел ІІМ басшысынан сол қызметкерді жұмысқа алған автобус паркін жауапкершілікке тартуын сұрайды. 

"Психикасы нашар және алкогольге жақын адамдар. Жолаушылардың өміріне қауіп төндіретін автобус паркі жазалансын. Мен көмек сұрап, айғайлағанда жүргізуші үндемей отыра берді. Сонда отырған жолаушыларға менің есім дұрыс емес екенін айтты. Сіздер біліп тұрсыздар ғой, олар әлі оның осы автопаркке қатысы бар екенін де жоққа шығарады. Бірақ аудандық ІІБ қызметкерлері кондуктордың №126 және №16 автобустың кондукторларымен ішімдік ішкенін айтты. Мен енді ол адамнан қорқамын", - деп жазған әйел.

Министр Қасымовтың жауабында осы арыздың Медеу аудандық ІІБ сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелгені айтылады.

"Қылмыс жасады деген күдікпен М. есімді ер адам ұсталды. Медициналық куәландырудың қорытындысына қарағанда, ол сол кезде орта деңгейде мас болған. Одан осы іс бойынша жауап алынды. Сот-медициналық сараптама мен сіз алған жарақаттардың деңгейі анықталған соң заңды процессуалдық шешім қабылданады", - деп жауап берді министр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети