18 сәуір 2018 12:42

Бетперде киген ер адам күштеп ақша тартып алды. Астана полициясы көмек сұрап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Астана ІІД баспасөз қызметінен Сурет Астана ІІД баспасөз қызметінен

Астанада полицейлер Сейфуллин көшесінің бойында орналасқан ғимаратта зорлықпен ақша ұрлап кеткен қылмыскердің бағыттамасын таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Астана полицейлері биыл 17 сәуірде шамамен 18:00-де Сәкен Сейфуллин көшесінің бойындағы ғимаратта күш қолдану арқылы ашық түрде ақша ұрлап кеткен адамның кім екенін анықтап, ұстау үшін жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада. 

Осы қылмысқа күдікті ретінде азиялық нәсілді 25-30 жастағы, бойы 160-165 сантиметр, дене пішімі орташа келген жігіт іздестіріліп жатыр. Оның үстінде көк күртеше, қара шалбар, сұр түсті бас киім болған, ал бетін медициналық бетпердемен тұмшалаған. 

Астана ІІД азаматтардан көмектесуді сұрайды. Қандайда бір мәліметті білген жағдайда мына телефондар бойынша хабарласуды сұрайды: 8 (87172) 71-66-40, 38-28-08, 8 701 188 04 62.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети