Бейбітхан Қабдрахманов үш жылға шартты түрде сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Бейбітхан Қабдрахманов. ©expertonline.kz Бейбітхан Қабдрахманов. ©expertonline.kz

"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ бұрынғы басшысы Бейбітхан Қабдрахманов үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты оны Қылмыстық кодекстің 316 "Салақтық" және 310 "Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу" баптары бойынша айыпты деп таныды. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ бұрынғы басшысы Бейбітхан Қабдрахманов үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты оны Қылмыстық кодекстің 316 "Салақтық" және 310 "Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу" баптары бойынша айыпты деп таныды. 

Сотталушыға мемлекеттік қызметте лауазымды иеленуге үш жылға тыйым салынды. Сот үкімі 9 қыркүйекте шығарылған. Оған шартты түрде берілген үш жыл жазаның екі жылы - сынақ мерзімі. Істің екінші фигуранты - Виктор Богданец те алдау жолымен немесе сенімді теріс пайдаланып және жалған құжаттар арқылы мүліктік шығын келтіргені үшін үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Сотталушылардан 710 мың теңге көлемінде сот шығыны өндірілді.

Еске сала кетейік, Бейбітхан Қабдрахманов 2013 жылдың маусым айында Астанада тұтқындалған болатын. Күдіктіге заңсыз сауда және "Богви" компаниялар тобына астық төлемдерін кейінге қалдыру жолымен мемлекеттің 12 миллиард теңгесін талан-таражға салды деген кінә тағылды. "Богви" компаниялар тобының жетекшісі Богданец 100 миллиард теңгені заңсыз иемденді деген күдікпен оның алдында - сәуір айында ұсталды.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 504.72  course up  546.79  course up  5.9  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer