06 маусым 2017 15:25

Бишімбаев 10 шілдеге дейін қамауда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қуандық Бишімбаев 10 шілдеге дейін қамауда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қуандық Бишімбаев 10 шілдеге дейін қамауда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астананың аудандық соты ұлттық экономика экс-министрінің қамауда болу мерзімін биылғы 10 шілдеге дейін ұзартқаны хабарланып отыр. 

Бұрынғы министр биылғы қаңтардан бері қамауда.  

Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері 10 қаңтарда ҚР Ұлттық экономика министрлігін басқарған Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын. "Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан", - деп хабарлаған еді Антикоррупция қызметінің өкілдері. Кейін ол қамауға алынған болатын.

8 айға жуық министр болған Бишімбаев Астана қалалық ІІД-нің уақытша тергеу ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу жалғасып жатыр. "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқып келген 36 жастағы Бишімбаевтың ұсталғаны жайлы хабар қоғамда қызу талқыланған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети