Қуандық Бишімбаев ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қуандық Бишімбаев. © Тұрар Қазанғапов Қуандық Бишімбаев. © Тұрар Қазанғапов

ҚР Ұлттық экономика министрлігін басқарған Қуандық Бишімбаев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Ұлттық экономика министрлігін басқарған Қуандық Бишімбаев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері хабарлады.

"Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан", - деп хабарлады Антикоррупция қызметінің өкілдері.

ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес, Бишімбаев Астана қалалық ІІД-нің уақытша тергеу ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, 2016 жылдың 30 желтоқсанында ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүріп жатқаны белгілі болған еді. ҚР СІМ басшылық құрамымен кездесуінде Нұрсұлтан Назарбаев Қуандық Бишімбаевтың қызметтен босатылғанын мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, кеше, 29 желтоқсанда Тимур Сүлейменов ұлттық экономика министрі болып тағайындалған болатын. Оған дейін бұл министрлікті Қуандық Бишімбаев басқарған болатын. Ол бұл қызметте 8 ай ғана болған. Қуандық Бишімбаев ұлттық экономика министрі қызметіне дейін "Бәйтерек" холдингін басқарған. 

17 қарашада "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басшылары ұсталған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басшысының пара алу дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізген еді. Тергеу барысында "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ лауазымды Жақыпов А. (Басқарма төрағасының орынбасары), Айтымбетов Б. (мемлекеттік-жекеменшік серіктестік дирекциясы департаментінің басшысы) және Сариев Ғ. (басқарушы директор) есімді лауазымды тұлғалар жүйелі түрде "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында жалдамалы тұрғын үй кешенін сату қызметтерін көрсететін құрылыс компанияларынан ірі көлемде пара алғаны анықталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.06  course up  533.94  course up  5.31  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer