30 қазан 2020 12:08

БЖЗҚ экс-басшысының сотталған адвокатына іздеу жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Александр Блок. Фото: informburo.kz Александр Блок. Фото: informburo.kz

11 жылға сотталған қазақстандық адвокат Александр Блокқа іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Время" газетіне сілтеме жасап.


11 жылға сотталған қазақстандық адвокат Александр Блокқа іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Время" газетіне сілтеме жасап.

Естке салайық, 26 қазанда Алматыда БЖЗҚ-ның экс-басшысы Руслан Ерденаевтың мүддесін қорғаған екі адвокат - Александр Блок пен Гүлнар Смағұл сотталған болатын.

Іс материалдарында олар Ерденаевтың қылмыстық іс бойынша мүддесін қорғағаны жазылған және 2017 жылы қаңтардың соңынан наурызға дейін күдіктінің туыстарынан алаяқтық жолмен 150 мың доллар алғаны атап өтілген.

Екі заңгер де алаяқтық және лауазымды тұлғаны пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды. Олар 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Блок сот үкімі жарияланатын күні келмеді, ал кейін түрмеге көшетінін білгенде, полициядан жасырынып қалды - деп жазылған басылымда.

Газеттегі ақпарат бойынша, Александр Блок сотқа шақырылған, бірақ ол бармай, хабарландыруды видеобайланыс арқылы тыңдаған. Сотталушыны тергеу изоляторына жеткізу үшін артынан полиция жіберілген, бірақ ол үйінде болмаған, ал әйелі күйеуінің қайда екенін білмейтінін айтқан. Енді Александр Блокқа іздеу жарияланды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети