1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

БҚО-да белгісіз біреулер кәсіпкерді отбасымен қоса өлтіріп кеткен16 қаңтар 2020, 09:07

Батыс Қазақстан облысында белгісіз біреулер кәсіпкерді отбасымен қоса өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

66 жастағы бизнесменнің және әйелі мен баласының қан-жоса денесі өз үйінен табылған. Қанды қылмысты қазір полицейлер тексеріп жатыр.

Арна мәліметінше, оқиға түн жарымда Бәйтерек ауданы Янайкино ауылында болған. Қылмыс жасалған үйде үш адамның мәйіті табылған. Қазір қайғылы жағдай болған аумақ қоршалып, тексеріс жүріп жатыр. Белгілі болғаны, марқұмның бірі жасалған шабуыл жайында көршілерге хабар берген екен. Алайда ауылдастары жетіп үлгермепті.

"Сол үйден әйел адам қоңырау соғып, "Бізді пышақтап жатыр" деген. Сол кезде айғай естіліп, телефон қолынан түсіп кеткен. Анда-мұнда айтылып, кісілер барған. Барса, ешкім жоқ, үй өртеніп жатқан", - дейді Янайкино ауылының тұрғыны Қабылболат Бисекешов.

Адамдарды өлтіргеннен кейін қаскөйлер үйді өртеп кеткен. Марқұмдардың мәйітін оттың арасынан төтеншеліктер алып шықты. Олардың денесінде өткір заттың ізі бар. Қаза тапқандар - Александр Запармедов және оның әйелі мен баласы. Ресейде тұратын 43 жастағы ұлы жақында ғана ата-анасына қыдырып келген екен. Ал аймаққа белгілі 66 жастағы кәсіпкер мал шаруашылығымен айналысыпты.

Ел ішінде бұл қанды қылмыс зейнеткердің "кәсібімен байланысты" деген қаңқу сөз тарады. Алайда бұл ақпаратты құзырлы орын әзірге растамай отыр. Дегенмен тәртіп сақшылары деректі ашуға "бар күшімізді саламыз" дейді.


Нұр-Сұлтанда көпір опырылды