08 қаңтар 2022 13:54

БҚО-да мародерлер - деструктив діни ағымдағылар ұсталды

ІІМ жариялаған видео кадры ІІМ жариялаған видео кадры

Батыс Қазақстан облысында мародерлер - деструктив діни ағымдағылар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ жедел штабына сілтеме жасап. 


Батыс Қазақстан облысында мародерлер - деструктив діни ағымдағылар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ жедел штабына сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, 8 қаңтарда шамамен сағат 03.30-да БҚО-дағы блокбекеттердің бірінде Toyota маркалы автокөлігі тоқтатылған. Полицейлер жүргізушіден көлік жүксалғышын ашуын сұрағанда жүргізуші бас тартқан.  

"Полиция қызметкерлері жолаушыларды тексеріп, нәтижесінде біреуінен пышақ табылды. Полицейлер салонда тыйым салынған заттар бар-жоғын сұрағанда жүргізуші жоқ екенін айтқан. Блокбекеттегі полицейлер автокөлікті Абай полиция бөлімшесіне жеткізуді шешкен. Бөлімшеге барар жолда жүргізуші жасырынбақ болған. Алайда полицейлер бұл әрекеттің алдын алды", - делінген хабарламада.   

Жүксалғыштағы заттардың ішінде полицейлер көзден жас ағызатын граната, қару, 50-ге жуық ұялы телефон, 6 планшет, 23 смарт-сағат, сондай-ақ, басқа да гаджеттерді анықтаған. Одан бөлек, магнит биркасы алынбаған киімдер салынған бірнеше сөмке табылған.  

"Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Ұсталғандар тергеуден өтіп жатыр. Автокөлік арнайы тұраққа жеткізілді. Айта кетейік, ұсталғандар деструктив діни ағым өкілдері және Алматыдағы акциялар мен мародерлік әрекеттерге қатысқан", - деді полиция өкілдері. 

Ұсталғандың сөзінше, олар граната мен патрондарды Алматыдағы таныстарынан алған, ал киімдер мен смартфондарды мародерлік әрекеттер кезінде алған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети