16 тамыз 2017 13:24

БҚО-да Сауд Арабиясынан депортацияланған "шейх Халил" 8 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Шейх Халил" дiни алауыздықты қоздырды деп айыпталып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда сотталушының адвокаты қорғалушысының кінәсі дәлелденбегенін айтады , - деп хабарлайды "Мой город" басылымы.


"Шейх Халил" дiни алауыздықты қоздырды деп айыпталып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда сотталушының адвокаты қорғалушысының кінәсі дәлелденбегенін айтады , - деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Орал қалалық сотында 2003-2006 жылдар аралығында Орал, Атырау және Ақтөбе қалаларында дәстүрлі емес діни ағымды насихаттаған Әбдухалил Әбдужаппаровқа қатысты сот үкімі шықты.

"Сот Әбдухалил Әбдужаппаровты ҚР Қылмыстық кодексінің 164-бабының 3- бөлігі бойынша айыпты деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды. Жазасын жалпыға ортақ колонияда өтейді. Кінәсі толықтай дәлелденіп, аудиодәрістердің сараптамаларының нәтижесі мен куәгерлер берген түсініктер толықтай дәлелденді, - деді судья Руслан Жұмағұлов. - Сотталушының өзі кінәсін мойындамады".


© Медет Медресов/"Мой город"

Әбдужаппаровтың адвокаты сот үкімі шыққаннан кейін үкіммен келіспейтінін және сотталушының кінәсі дәледенбегенін мәлімдеді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ және оған шағымдануға болады.


© Медет Медресов/"Мой город"

Осыған дейін Қазақстанның Сауд Арабиясында "шейх Халил" деген атпен танымал болған Әбдухалил Әбдужаппаровты экстрадицияламақшы екені хабарланған болатын.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, "шейх Халил" Мединеде Қазақстанның тағы бес азаматымен бірге 2015 жылдың 20 желтоқсанында ұсталыпты. Олардың нақты не себеппен қамауға алынғаны белгісіз. Дегенмен Қазақстан ҰҚК жақын күндері Әбдужаппаровтың туыстарына хабарласып, оны жақын арада елге қайтаратындарын хабарлаған. Сонымен қатар, олар туыстарынан Әбдужаппаровқа қатысты "уаххабизмді насихаттады" деген куәлік берулерін сұрапты.

Әбдухалил Әбдужаппаров 1975 жылы ОҚО Сайрам ауданында дүниеге келген. Ислам дінін облыстағы мешіттердің бірінен оқыпты. 1999 жылы Исламбадтағы университеттердің бірін бітіреді. Қазақстанға оралғаннан кейін ол Шымкенттегі Қазақ-Кувейт университетінде сабақ берген. 

Кейін Атырауда, одан соң Орал қаласына көшеді. Сол өңірлерде ол сәләфит идеяларын насихаттаумен айналысқан.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети