01 сәуір 2020 13:15

Блокбекетті айналып өтпек болған ақтөбелік ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қала сыртындағы жолмен блокбекеттерді айналып өтпек болған ақтөбелік 21 жастағы жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Қала сыртындағы жолмен блокбекеттерді айналып өтпек болған ақтөбелік 21 жастағы жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 наурыздан бастап Ақтөбе облысында бірқатар қозғалысқа шектеу енгізілгені белгілі. Соған байланысты облыс пен қалаға кіретін және шығатын жолдарда блокбекеттер орнатылды.

Кеше полиция қызметкерлері сол шектеулерді елемей, қала сыртына шыкпақ болған 21 жастағы жігітті Алға ауданындағы блокбекетте ұстаған. Ол өз әрекетін Ақтөбеден Қандыағаш қаласындағы ата-анасына бармақ болғанымен түсіндірген..

"ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырған полицейлер бекетте ұсталған жігітті сот шешімімен бес тәулікке қамауға алды. Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге ТЖ режимін сақтау бойынша жұмыстарын жалғастырып жатыр", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети