19 желтоқсан 2019 09:42

"Бір сағат бойы кінәні өз мойныма алуға мәжбүрледі" - ақтөбелікті қателесіп педофил деп ойлаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбенің жергілікті тұрғыны Нұрлан Шандин қателесіп педофил деп айыптағандардың үстінен облыстық прокуратураға шағымданған, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы"


Ақтөбенің жергілікті тұрғыны Нұрлан Шандин қателесіп педофил деп айыптағандардың үстінен облыстық прокуратураға шағымданған, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы"

Таяуда қалалық полицейлер 12 желтоқсанда тоғыз жастағы қызды зорлады деген күдіктіні ұстаған. Ол 21 жастағы жігіт болып шықты. 

Алайда өткен аптада әлеуметтік желіде қолданушылар Нұрланның суретін жариялап, қыз баланы зорлады деп айыптаған. Негізінде, төрт баланың әкесі бұл іске еш қатысы болмаған. 

Енді ер адам құзырлы органдардан түсіндіру жұмыстарын күтіп отыр, оны кінәсіз деп табуын талап еткен. "Мені бөлімге апарып, бір сағат бойы кінәні өз мойныма алуымды мәжбүрледі, сосын екі адам пәтерімді ақтарды, көлігімнің багажындағы заттарды алып кетті. Таңғы төртке дейін сұрау алды. Сосын олардан шыққан соң интернеттен "Зорлықшыларға өлім" деген атпен пікірлерді оқыдым, өз өмірім үшін алаңдай бастадым", - дейді ақтөбелік. 

"Осы азаматқа қатысты іс бойынша, ол полиция бөлімшесіне жеткізілген, шынымен де куәгер ретінде сұрау алынды, бірақ күдікті ретінде емес, сондай-ақ оның қорғаушы алуына мүмкіндік берілді. Ол куәгер ретінде сұрады, оның бұл істе еш қатысы жоғы анықталды", - дейді прокурордың орынбасары Бауыржан Мендебаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети