Оралда жас қыздарды азғындыққа итермеледі деген күдікпен ұсталған британдық Барох Питердің ісі прокуратураға жіберіледі, - деп хабарлады "Мой город" порталы Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Мағауия Құрмашевқа сілтеме жасап.
Оралда жас қыздарды азғындыққа итермеледі деген күдікпен ұсталған британдық Барох Питердің ісі прокуратураға жіберіледі, - деп хабарлады "Мой город" порталы Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Мағауия Құрмашевқа сілтеме жасап.
Мағауия Құрмашевтың айтуынша, бүгін, 12 мамыр күні британдық қылмыстық іс материалдарымен танысқандығы жөнінде құжатқа қол қойды. "Күннің екінші жартысында Барох Питердің ісі прокуратураға жіберіледі", - деді БҚО ІІД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары М.Құрмашев. Прокуратура істі қарап шыққаннан кейін оны сотқа жолдайды. Алайда бұдан бұрын британдықтың ісі сотқа сәуір айының ортасында жіберілетіні хабарланған болатын.
Еске сала кетейік, 2014 жылы қаңтар айының ортасында полиция Оралда ұсталған Ұлыбритания азаматы Барох Питердің (Барох Питер Даниэль Альфредтің) ноутбугінен балалармен бірге түскен ұятсыз фотолар тапқан. Құқық қорғау органы қызметкерлерінің мәліметінше, қонақ үй терезесінен тәртіп сақшыларын көріп қалған 38 жастағы шетелдік бірден лэптопты, флэш-карта мен дискіні және бейнекамерана су құйып, шағын толқынды пеште күйдіріп жібермек болған. Дегенмен балалармен бірге түскен ұятсыз суреттер бәрібір одан табылған. Осыдан үш ай бұрын шетелдік "Кәмелеттік жасқа толмаған қыздардың порносуреті мен құжаттарын даярлау мен айналымға шығару" және "жас қыздарды азғындыққа итермелеу" бабы бойынша айыпталып, қамауға алынды.
"Мой город" порталының мәліметінше, 2014 жылдың ақпан айында британдық үш тәулікке қамауға алынған, ал 10 ақпан күні Орал қалалық соты ІІД-нің Барох Питерді тұтқынға алу санкциясын екі айға созу туралы өтінішін қанағаттандырған болатын, кейін қамауға алу тағы да созылды.