17 сәуір 2014 18:39

Жасөспірімдерді азғындыққа баулыды деген күдікпен ұсталған британдық тағы бір ай қамауда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Барох Питер. ©uralskweek.kz Барох Питер. ©uralskweek.kz

Орал соты жасөспірімдерді азғындыққа итермеледі деген күдікпен ұсталған ұлыбританиялықты тағы да бір ай қамауда ұстауға шешім шығарды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап. 


Орал соты жасөспірімдерді азғындыққа итермеледі деген күдікпен ұсталған ұлыбританиялықты тағы да бір ай қамауда ұстауға шешім шығарды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап. 

Сот тергеушілерілердің сұранысын қанағаттандырған. Себебі, олар дәлелдерді нақты белгілеп беретін тергеу жұмыстарын толық аяқтаған жоқ. Оның үстіне қылмыстық іс ағылшын тіліне аударылып, онымен күдікті толығымен танысып шығуы тиіс. 

Естеріңізге сала кетейік. 14 қаңтарда Орал полициясына 2001 жылы туған жасөспірім қыздың шешесі шағымданған. Оның айтуынша, белгісіз бір ер адам кәмелеттік жасқа толмаған қызын "Шағала" қонақ үйінің бөлмесінде жалаңаш күйінде суретке түсірген. Құқық қорғау органының қызметкерлері "Шағала" қонақ үйін тексеру барысында 38 жасар Ұлыбританияның азаматын ұстаған еді. Сол кезде күдікті компьютер флешкаларын қысқа толқынды пешке жағып, жойып жіберуге талпынған болатын.  

Құқық қорғау органдары британдықтың осы әрекетіне қатысты ҚР ҚК 124-бабының 3-тармағымен ("Жас балаларды азғындыққа итермелеуді бірнеше рет қайталанған") және 273-1-бабтың "б" тармағымен ("Камелетке толмағандардың порнографиялық суреттері бар материалдарды дайындау және айналымға салу") қылмыстық іс қозғалып, сот санкциясы арқылы 2 айға қамауға алынған. 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети