Бірнеше өңірдегі ауқымды операция: ҰҚК граната атқыш пен Калашников автоматтарын тәркіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірнеше өңірдегі ауқымды операция: ҰҚК граната атқыш пен Калашников автоматтарын тәркіледі Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Сәуір айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) полициямен бірлесе және прокуратураның үйлестіруімен Алматы мен Шымкент қалаларында, сондай-ақ бірқатар облыста жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде қарудың заңсыз айналымына тосқауыл қойылып, ондаған қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленген, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Барлығы 63 қару тәркіленген. Олардың ішінде 4 Калашников автоматы, 38 мылтық, 20 тапанша, РШГ-2 реактивті шабуылдаушы граната атқышы, сондай-ақ 4 граната мен 188 оқ-дәрі бар.

Шығыс Қазақстан облысында қосымша өнеркәсіптік жарылғыш зат анықталып, тәркіленген. Оның жалпы салмағы 346,5 келіні құраған.

ҰҚК баспасөз қызметінің фотосы

Барлық анықталған факті бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Ведомство Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сүйене отырып, өзге мәліметтерді жарияламады.

Еске сала кетейік, наурыз айының соңында ҰҚК заңсыз айналымнан 118 қарудың тәркіленгенін хабарлаған болатын. Олардың ішінде 6 Калашников автоматы, 83 мылтық және 29 тапанша бар.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +19
Астана +16
Ақтау +24
Ақтөбе +17
Атырау +22
Б
Балқаш +16
Ж
Жезқазған +15
Қ
Қарағанды +15
К
Көкшетау +16
Қ
Қостанай +20
Қызылорда +16
П
Павлодар +15
Петропавл +19
С
Семей +19
Т
Талдықорған +21
Тараз +20
Түркістан +21
О
Орал +17
Ө
Өскемен +20
Ш
Шымкент +20

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер