01 тамыз 2016 | 18:09

Бұрынғы әйелін өлтірген Сәдуов соттың өтемақы төлету туралы шешіміне шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Бұрынғы әйелін өлтірген Сәдуов соттың өтемақы төлету туралы шешіміне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бұрынғы әйелін өлтірген Сәдуов соттың өтемақы төлету туралы шешіміне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өткен жылдың қазан айында 43 жастағы Сәдуов өзінің бұрынғы әйелін өлтірді деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ер адам өзінің төрт баласының анасына бензин құйып, өртеп жіберген. Светлана Сәдуова ауруханада қайтыс болған еді.

Осы жылдың маусым айында, Астананың Сарыарқа аудандық соты қайтыс болған әйелдің туыстары және Светлана Сәдуованың балаларының қамқоршысының талап-арызын қарастырды. Олар сотталушыдан материалдық және моральдық зиян келтіргені үшін 11 миллион талап еткен. Сот жәбірленуші тараптың талабын жартылай қанағаттандырды.

Бүгін жауап беруші аудандық соттың өтемақы төлеу шешіміне шағымданды. Енді осы шағым бойынша іс астаналық аппеляциялық сатынан (инстанция) өту үшін қарастырылады.

Еске салайық, қайғылы оқиға өткен жылы 26 мамырда болған еді. Елордадағы №25 мектептің ауласында Светлана Сәдуованы белгісіз ер адам өртеп жіберді деген хабар тарады. Кейін бұл іске оның бұрынғы күйеуінің қатысы бар делінді. Осыдан кейін полиция Сәдуовті төрт ай бойы іздеді. Оның төрт баласы болған. Алған жарақатынан Светлана Сәдуова ауруханада төртінші күні қайтыс болды.  

Елорда соты қаза болған әйелдің бұрынғы күйеуін ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігінің 5 пунктінде ("Адам өлтіру") қарастырылған қылмысты жасады деп тауып, оны қатаң режимдегі колонияға 18 жылға бас бостандығынан айырды. Қанат Сәдуов өз кінәсін мойындаған жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети