Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Астанада бұрынғы әйелін өртеп жіберген Қанат Сәдуовке жаза кесілді

28 Қазан 2015, 16:37
2
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Астанада бұрынғы әйелін өртеп жіберген Қанат Сәдуовке жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Бүгін Астана қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ербол Рахымбеков күйік салдарынан қайтыс болған Светлана Сәдуованың өлуіне қатысты қозғалған іс бойынша үкім шығарды.

Сот Светлана Сәдуованың бұрынғы күйеуі Қанат Сәдуовті ҚР ҚК 99-бап, 2-бөлім, 2-тармағы "Кісі өлтіру" бойынша айыпты деп таныды. Оған 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Еске сала кетейік, биыл 26 мамырда ол Светлана Сәдуоваға бензин құйып, өртеп жіберген. Бірнеше күннен кейін әйел алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Қылмыстық іске қатысы бар деген күдікпен оның бұрынғы күйеуіне іздеу салынды. Полиция оны мамырдан бастап қыркүйек айына дейін іздестірді. Ол Ақмола облысында тұратын кіші інісінің үйінен табылды. Сәдуов кінәсін мойындаған жоқ.

Айта кетейік, мемлекеттік айыптаушы Сәдуовты 18 жылға соттауды ұсынған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай