21 қазан 2015 09:32

Бұрынғы әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталған Қанат Сәдуов кінәсін мойындаған жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Астана ІІД © Астана ІІД

Қанат Сәдуов бұрынғы әйелінің өліміне қатысты кінәсін мойындаған жоқ. Мұндай жауапты ол 20 қазанда Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың залында алдын-ала тыңдау кезінде айтты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Қанат Сәдуов бұрынғы әйелінің өліміне қатысты кінәсін мойындаған жоқ. Мұндай жауапты ол 20 қазанда Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың залында алдын-ала тыңдау кезінде айтты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

"Мен кінәлі емеспін, мен мұнымен келіспеймін", - деді сотталушы. "Яғни қылмысқа барған жоқсыз ба? Кінәңізді мойындамайсыз ба?", - деп сұрады судья. Сәдуов "Қылмыс жасаған жоқпын, (...) мойындамаймын", - деді.

Сәдуовтің адвокаты Серік Нұрлыбайдың айтуынша, "оның ойынша, ол кінәлі емес, ол бұл қылмысқа бармағанын анық біледі". Ал сонда бұл қылмысты "кім жасады?" деген сұраққа адвокат "ешкім өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес" деп жауап берді.

Еске сала кетейік, Астананың полицейлері Қанат Сәдуовті 14 қыркүйекте ұстаған болатын. Ол туыстарының бірінің үйінен табылды.

Айта кетейік, бұл оқиға мамыр айының соңында, тура соңғы қоңыраудың ертеңіне болған еді. Астанадағы №25 мектепте жұмыс істеген әйелін Қанат Сәдуов сыртқа шығарып, үстіне жанармай құйып өртеп жіберген болатын. Денесінің 70 пайызын күйік шалған ұстаз ауруханада бір аптадай жатып, ақыры есін жимастан көз жұмды. Оны жер қойынына тапсыруға күйеуінің бірде-бір туысы келмеді дейді марқұмның жақындары. Осы іске байланысты ҚР ҚК "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети