22 маусым 2021 12:35

Бұрынғы вице-министрлер ісі сотта қайта қаралады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиев Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиев

Бұрынғы энергетика вице-министрлері Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиевтің ісі жалғасады. Байқоңыр ауданының № 2 қалалық соты басты сот талқылауының күнін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бұрынғы энергетика вице-министрлері Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиевтің ісі жалғасады. Байқоңыр ауданының № 2 қалалық соты басты сот талқылауының күнін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін қылмыстық іс заң бұзу дерегін жою үшін прокурорға жіберілген. Нәтижесінде бұрынғы вице-министрлер ұрлады деген ақша сомасы 778 миллион теңгеге азайтылған. Ол үшін жаңадан сараптама алынып, нәтижелерін ескере отырып, бұрынғы айып бойынша сотқа қайта берілген.

2021 жылы 21 маусымда сот қорғаушы тараптың өтініші бойынша істі прокурорға қайтару туралы алдын ала тыңдау өткізді. Сонымен қатар, адвокаттар қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасы болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

"Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 323-бабы ережелеріне сәйкес басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық іс жүргізу заңнамасының елеулі заңбұзушылықтары ғана оны жою мақсатында істі прокурорға қайтаруға негіз болады. Алдын ала тыңдау кезеңінде қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату үшін негіздер анықталған жоқ, өйткені бұл үшін дәлелдемелерге баға беру қажет", - делінген сот сайтында.

"22 маусымда сот істі қайтару туралы өтініштерді қанағаттандырудан бас тартты және 2021 жылғы 28 маусымға басты сот талқылауын тағайындады", - делінген хабарламада.

Бұрынғы энергетика вице-министрлері Жақсалиев пен Сәдібековке, сондай-ақ басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы Қарасу көлін тазалауға және санациялауға бөлінген 2 миллиард 680 миллион теңгені жымқыру дерегі бойынша қаралады.

Істі прокурорға қайтарғанға дейін басты сот талқылауы 2019 жылғы желтоқсанда өткен болатын.

Ғани Сәдібеков 2018 жылдың наурыз айында ұсталған. 2018 жылғы 4 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев үйқамақта екенін мәлімдеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети