03 сәуір 2024 | 16:22

"Былай айт, былай айт". Байжанов ағасы - Қуандық Бишімбаевтың әрекетіне шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов © Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша екінші айыпталушы - оның туысы Бақытжан Байжанов Бишімбаев өзіне қысым көрсетіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша екінші айыпталушы - оның туысы Бақытжан Байжанов Бишімбаев өзіне қысым көрсетіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот отырысында Байжановтың адвокаты соттан "сотталушы Бишімбаев пен сотталушы Байжановтың бөлек отыруын" сұрады.

"Бишімбаевтың Байжановпен байланысу мүмкіндігі болмауы үшін. Бұл Байжановтың қалауы. Байжанов оған қысым жасалып жатыр деп есептейді", - деді адвокат сотта.

Сотталушы Байжанов қорғаушысының сөзін растады.

"Ол (Бишімбаев – еск.) маған: "Былай айт, былай айт" деп жан-жақты қысым көрсетіп жатыр. Айғақ беруге қатысты", - деді ол судьяға.

Бұған дейін Бишімбаев сотта Нүкенованы қалай ұрғанын айтып берді. Ал Бишімбаев оның беті көгергенін көргенде "көріпкелге" хабарласқанын айтады.

Еске салайық, бүгін Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы қинады және өлтірді деп айып тағылып отырған Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Айғақ беру кезінде экс-министрдің қорғаушысына сот пен процеске қатысушыларды жаңылыстырғаны үшін ескерту жасалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети