03 маусым 2021 09:03

Бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған экс-шенеунік сот алдында соңғы сөзін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© karagandaNV © karagandaNV

Аса ірі көлемде бюджет қаражатын иемденді деп айыпталған Қарағанды әкімінің экс-орынбасары Жақсылық Шалабеков сот алдында соңғы сөзін айтты. Ол өзінің ұсталуын жаңсақтық екенін айтып, соттан істі әділ шешім шығаруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Аса ірі көлемде бюджет қаражатын иемденді деп айыпталған Қарағанды әкімінің экс-орынбасары Жақсылық Шалабеков сот алдында соңғы сөзін айтты. Ол өзінің ұсталуын жаңсақтық екенін айтып, соттан істі әділ шешім шығаруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, Жақсылық Шалабеков былтыр 14 қыркүйекте ұсталған болатын. Шенеунік ол кезде Қарағанды әкімінің орынбасары болған.

Шенеуніктің ұсталғанын антикоррупция қызметіндегілер растады және іс бойынша хабар таратты. Ведомство мәліметінше, Шалабековке қатысты қылмыстық іс қозғалған. Алайда қай бап бойынша екені тергеу мүддесіне байланысты айтылмады.

Шалабеков әкімнің орынбасары болғанда жер пайдалану, қала құрылысы, сәулет, үйді және әлеуметтік нысандарды пайдалануға беру мәселелеріне жетекшілік етті.

Ол соңғы сөзінде қазір өміріндегі қиын кезеңдерден өтіп жатқанын, сегіз айдан бері еркін демалып, ойлану мүмкіндігінен айырылғанын айтты.

"Маған тағылған айып үшін ішім өртеніп барады. Өз еліне қызмет етуге лайық емес, ұры мен жексұрын деген атақ. Барлық еңбек жолым сызып тасталды. Біраз жыл азаматтық құрылыс саласында істедім. Мемлекетке көмек керек кезде әйеліміз бен кәмелетке толмаған баламызды үйде қалдырып, алғашқылардың бірі болып Арыс қаласының тұрғындарына көмектестік. Мұстафин атындағы ауылда сел жүрген кезде жүздеген адам зардап шегіп, үйсіз қалды. Сол кезде құрылыс компаниясы аз уақыт ішінде зардап шеккендерге ондаған үй салып берді. Әріптестерім қиын жағдайға тап болған адамдардың өтінішіне бей-жай қарамады. Ондай мысалдар көп", - дейді Жақсылық Шалабеков.

Айыпталушы қазіргі мемлекеттік сатып алу жүйесі құрылыс процесін тежеп отырғанын айтады. Шенеуніктің сөзінше, құрылысқа қатысты шешім қабылдаудан бастап ақша бөлініп, жұмыс басталуына бір жылдай кетеді. Ол уақыт аралығында құрылыс материалдарының, еңбек ресурсының, құрылыс шартының нарықтағы бағасы өсіп кетеді, ал ол конкурстық іріктеуде есептелмейтін көрінеді.

"Заң сол өзгерістерге үлгермей жатады. Тәуекелге бел бууға тура келеді. Осылайша жұмыста кедергілер болады. Оған қарамастан сегіз жылдан бері жұмысымызды орындап шықтық. Маған қатысты болған жағдай жаңсақтық. Қосымша келісім бойынша құрылысқа аванс бергенім үшін мені темір торға қамады. Мен ешқашан ұрлаған емеспін, оны үлкен күнә деп есептеймін. Біреуге зиян келтіру де күнә. Ешкімге оны тілемес едім. Бұл істі соңына дейін объектив түрде қарауыңызды сұраймын. Менің және жақындарымның тағдырын сізге тапсырамын", - деді Шалабеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети