02 маусым 2014 17:04

Дәмхананы жарып жібермек болған ер адам 2,5 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Daypic.ru ©Daypic.ru

Орал қаласында кафені жарып жібермек болған адам 2,5 жылға сотталды. Бұл туралы Tengrinews.kz Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.


Орал қаласында кафені жарып жібермек болған адам 2,5 жылға сотталды. Бұл туралы Tengrinews.kz Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Орал қалалық соты гранатамен кафені жарып жіберемін деп қауіп төндірген ер адамға жалпы режимдегі колонияда 2,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын беруге үкім шығарды. Биылғы қаңтар айында ер адам  "Шашлычок" кафесінде алкогольден мас күйінде өзіне ұялы телефонды зарядтайтын құрылғыны тауып бере алмаған даяшы қызды гранатаны жарып жіберемін деп қорқытқан", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жүргізілген сараптаманың қорытындысына қарағанда, ер адамның қолындағы жарылғыш зат зауыттан өндірілген ұрыс гранатасы болып шықты.

Орал қалалық соты бұзақыны ҚР Қылмыстық кодексінің 251-бабының 1-бөлігі, 257-бабының 2-бөлігінің "а", "б" тармақтары бойынша айыпты деп танып, екі жыл алты айға бас бостандығынан айырды, сонымен бірге оған 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 370 400 теңге болатын айыппұл салынды.
 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети