Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Дезертир сарбазға кісі өлтірді деген айып тағылды 22 қыркүйек 2014, 13:49

Ол ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 132-бабының тәртібі бойынша Алматы қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Қатардағы жауынгер Серік Дәулетбай. ©31 арна Қатардағы жауынгер Серік Дәулетбай. ©31 арна

Боралдай елді мекеніндегі әскери бөлімнен қашып кеткен мерзімді әскери қызмет сарбазы кісі өлтіргені үшін айыпталып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz-тің ресми сауалына жауап қайтарған ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Нұрділда Ораз айтты.

Оның айтуынша, басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді. "ҚР ІІМ Оңтүстік аймақтық әскери-тергеу басқармасы №2177 әскери бөлім қызметшісі Серік Дәулетбайға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 96-бабының 1-бөлігі (кісі өлтіру) және 255-бабының 4-бөлігінің "б" тармағы (қару ұрлау) бойынша қылмыстық іс қозғады. Ол ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 132-бабының тәртібі бойынша Алматы қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр", - делінген жауапта.

Еске салайық, бұған дейін дезертир Дәулетбай әскери бөлімнен қашып кетер алдында дене жарақатын келтірген старшинаның ауруханада қайтыс болғаны хабарланған еді. Күзетші ауыр бас-ми жарақатымен ауруханаға түскен. Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай ауылының тұрғыны әскери қызметке мамыр айында шақырылған. 18 қыркүйек күні ол Макаров тапаншасын және оның екі оқ-дәрі қорабын алып, қашып кетті. Сарбаз екі тәуліктен соң ұсталды. Кейбір мәліметтер бойынша, ол Алғабас елді мекеніндегі туыстарының үйінде бой тасалаған. Оның жасырынған жерін ата-анасы айтып берді.

 

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті