17 тамыз 2019 14:38

"Душта қызға сығалаған". Түркістан облысында түсірілген видеоның мән-жайы

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Түркістан облысы Төле би ауданындағы лагерьде түсірілген видеоның мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді. 


Түркістан облысы Төле би ауданындағы лагерьде түсірілген видеоның мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді. 

"Кеше Төле би ауданында балалар лагерінде болған оқиға бойынша, комиссия 14-15 жастағы жасөспірімдер 18 жастағы тәрбиешіге душқа түсіп жатқанда сығалағанын, ал қыз оларды байқап, кейін өзі жазаламақшы болғанын анықтады. Көзге көрінетін дене жарақаттары табылған жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс ашылды. Барлық мәліметті бала құқықтары жөніндегі уәкілге Аружан Саин жеке баяндады", - деп жазған ол.

Ал Аружан Саинның Facebook-тегі жазбасында, бұл жағдайды видеоға ұлдардың бірі түсіріп, WhatsApp қосымшасы арқылы топқа жібергенін мәлімдейді.

"Белгісіз топ мүшесі ата-аналарға видеоны жіберген. Кәмелетке толмағандар деректі жоққа шығарып отыр. Демалушылардың ата-аналары шақырылды. Көзбен қарағанда кәмелетке толмағандардан жарақат байқалмайды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеріс жүргізіліп жатыр", - деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін желіде Түркістан облысы Төле би ауданындағы "Сұңқар" лагерінде балалармен қатыгез қарым-қатынас жасаған тәрбиеші түскен видео пайда болған еді. Кейін осы іске байланысты Түркістан облыстық полиция өкілдері мәлімдеме жасады. Бұл дерек Төле би АПБ-да сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 140-бабы, 2-бөлігіне сәйкес тіркелді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети