02 желтоқсан 2022 12:20

Екі ер адам телефон сатып аламын деген сылтаумен алматылықтарды алдап соққан

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екі ер адам телефон сатып аламын деген сылтаумен алматылықтарды алдап соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.


Екі ер адам телефон сатып аламын деген сылтаумен алматылықтарды алдап соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, 23 жастағы А. есімді жігіт пен оның сыбайласы 29 жастағы ер адам интернеттен телефондарды сату туралы жарнаманы мақсатты түрде іздеген.

"Олар сатушылармен кездесуге келісіп, көрсетілген сомаға алдын ала жалған онлайн аударым туралы түбіртек дайындап, сатушыға түбіртекті көрсетіп, телефонды алып, белгісіз бағытқа жасырынған. Тағы бір жағдайда олар жалған түбіртек дайындап әуре болмай сатушыны ұрып, одан тауар мен ақшаны күштеп тартып алған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі айыпталушы да ұсталды. Қазір олардың кем дегенде екі қылмысқа қатыстылығы анықталды. Оларға қатысты қылмыстық іс соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ұсталған адамдар өз кінәсін мойындады", - деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Жедел уәкілдердің бір нұсқасы бойынша алданған/тоналған адамдардың көп болуы мүмкін. Осыған байланысты полицейлер олардың бет-жүзін жария етті және оларды таныған жағдайда мына телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұрайды: 8-747-699-70-02; 254-44-62.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети