Екі жасар сәбиді ұрлап әкеткен бала күтуші Қарағанды облысында қамауға алынды

29 Наурыз 2017, 23:27
0
Екі жасар сәбиді ұрлап әкеткен бала күтуші Қарағанды облысында қамауға алынды -

Екі жасар сәбиді ұрлап әкеткен бала күтуші Қарағанды облысында қамауға алынды. Бүгін Теміртау қалалық соты 22 жастағы күдіктіге қатысты шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews­.­kz тілшісі.

"Теміртау қалалық соты бұлтартпау шарасы ретінде күдіктіні екі айға қамауға алу туралы шешім қабылдады", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астанада бала күтушінің екі жасар сәбиді ұрлап кеткені жайлы хабарланған болатын. Айнұр есімді қыз сәбиді Теміртаудан Астанаға алып кеткен еді.

Сондай-ақ, ол өзімен бірген сәбидің құжаттары мен туу туралы куәлігін, ата-анасының неке қию туралы құжатын алып кеткен.

Ведомстводағылардың мәліметінше, күдікті үстел үстіне хат қалдырып кеткен. Ол онда Викторияның ата-анасынан полицейлерге хабар бермеуін сұраған. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы бойынша ("Адамды ұрлау")  сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай