10 маусым 2021 09:22

"Екі көлік сатып алған". Қостанай-Алматы жолында ұрылар 117 миллион теңге ұрлап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай-Алматы бағытымен келе жатқан пойыз жолаушысының 117 миллион теңге салынған сөмкесі қолды болған. Ұылар полиция ұстағанша екі автокөлік сатып алып үлгерген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қостанай-Алматы бағытымен келе жатқан пойыз жолаушысының 117 миллион теңге салынған сөмкесі қолды болған. Ұылар полиция ұстағанша екі автокөлік сатып алып үлгерген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"31 мамырда 22 жастағы жолаушы Қостанай-Алматы бағытындағы пойызбен келе жатып, өзімен 116 миллион 900 мың теңге алып жүрген. Ол еш күдіктенбей кешке ұйықтап жатқан, алайда түнде Жақсы бекетінде оянған кезінде ақша жоғын түсінген", - делінген хабарламада.  

Жәбірленуші батальон қызметкерлерінен көмек сұраған. Департамент қызметкерлері жедел тергеу тобын құрып, іздеуді бастайды. Теміржол көлігінің барлық нысаны, сондай-ақ жақын орналасқан елді мекендер тексерілді. Полиция қызметкерлері пойыздың барлық қызметкері мен жолаушысынан сұхбат алды. Нәтижесінде күдіктінің фотороботы жасалды.

"8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының көлік полициясының қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен үш адамды анықтап, ұстады, күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді, оның барысында 12,6 миллион теңге және 198,5 мың доллар тәркіленді. Күдіктілер ұрланған ақшаның бір бөлігін қылмыс жасалғаннан кейін бірден екі көлік сатып алған", - делінген хабарламада.

Күдіктілер ұсталды. Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети