21 маусым 2021 17:36

Екібастұз тұрғыны полиция майорынан зорланғанын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есірткі ісі бойынша ұсталған Екібастұз қаласының тұрғыны полиция қызметкерінен зорланғанын мәлімдеді. Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Есірткі ісі бойынша ұсталған Екібастұз қаласының тұрғыны полиция қызметкерінен зорланғанын мәлімдеді. Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

22 жастағы тұрғын оны зорлағаны туралы құқыққорғаушы Елена Семеноваға айтып берген. Оқиғаның мән-жайын адвокат Facebook желісіндегі парақшасында жазған. Оның сөзінше, күдікті 17 ақпанда ұсталған. Пәтерін тінтігеннен кейін оны полиция бөлімшесіне алып келген, артынша 18 ақпанда түнгі 01:00 шамасында тергеуге шақырған, ол сағат 04.00-ге дейін болған.   

Семенованың сөзінше, ол уақыт аралығында күдікті көлікте отырған, артынша оны полиция бөлімшесіне қайтадан алып келіп, жарты сағаттан кейін пәтерге алып келген. 

"Залға кіріп, ол Пвлодар облысы полиция басқармасының майорын көрген, ол іш киім мен жеңіл жейде киіп отырған. Қызметкерлердің бірі қызды бөлмеге алып кіріп, диваны көрсетіп, ұйықтауы керегін айтқан. Қасындағы басқа төсекте полиция қызметкері жатқан. Ол айтқан жеріне жатқан, бірақ бес минуттан кейін іш киім мен жеңіл жейде киген полиция майоры келіп, күдікті қашып кетпеуі үшін қызбен бірге жататынын айтқан", - дейді Семенова.  

Оның сөзінше, күдікті полицей тиіскеннен кейін қарсыласа бастаған. Алайда полицей оның ісін жаңалықтардан көрсетіп, оның отбасын бүкіл ел алдында ұятқа қалдыратынын, ал анасынан жұмыстан шығарып жіберетінін айтқан. 

"Полицей зорлық әрекетін жасағаннан кейін ол қашып кетіпеуі үшін қасына жатқан. Келесі күні күндізгі уақытта күдікті қызды полиция бөлімшесіне алып келген, ол жерде 30 минуттай болғаннан кейін асхана апарып, тамақтандырған. Күдіктіні зорлаған полиция майоры қыздың жағдайын сұрап, 13.00 шамасында оны өзі үйіне апарған", - дейді құқыққорғаушы.  

Сонымен қатар, Семенова майордан бөлек, пәтерде тағы үш полиция қызметкері болғанын, бірақ олар ешқандай шара қолданбай, зорлықты болдырмауға әрекет жасамағанын айтады. 

Құқыққорғаушының сөзінше, 19 ақпанда жәбірленуші полицияға зорланғаны және оны пәтерде негізсіз ұстағандарын, ал он күннен кейін оны қайтадан ұстап, бұл жолы Павлодардағы уақытша қамау изоляторына алып кеткендерін айтып шағымданған. Жәбірленушінің туыстарының сөзінше, ол есірткіні заңсыз сақтағаны үшін ұсталған. Күдіктінің туыстары ол алаяқтардың құрбаны болғанын айтады.  

Облыс прокуроры Әбдіханов іс бойынша қосымша сараптама тағайындалғанын айтады.   

"Өзіндік қауіпсіздік басқармасы облыстық ПД полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Бүгінде істің барлық мән-жайын объективті зерттеу мақсатында қайталама молекулярлық-генетикалық сараптама тағайындалды. Сараптама дайын болуына қарай түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады. Тергеу барысы бақылауға алынды", - делінген Павлодар облысының прокуроры Қайрат Әбдіхановтың қолы қойылған қаулыда.

Ал облыстық ПД мәліметінше, соталды тергеу Қылмыстық кодекстің 120 және 362-баптары бойынша жүргізіліп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети